Создать сайт на a5.ru
Более 400 шаблонов
Простой редактор
Приступить к созданию

 

 

Әлеуметтік педагогтың 2018 -2019 оқу жылына арналған І жарты жылдық қорытынды есебі.

 

  • Республикасының «Білім туралы» заңының талаптарын орындауды нақты басшылыққа ала отырып, №178 лицей ұжымы 2018- 2019 оқу жылында айтарлықтай жұмыстар атқарды. Тамыз, қыркүйек айында ата-аналардан жаңа оқу жылының бір мезгіл ыстық тамақты ұйымдастыру құжаттарын жинақтап тұрмыс жағдайы тексерілді.

Қазақстан Республикасы бойынша 2018 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында « Мектепке жол » акциясы оныншы жыл өткізіліп келеді. Сонымен қатар Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 19-шілдедегі №3-4-4/713 хатын орындау негізінде 1-тамыз бен 30-қыркүйек аралығында «Менің таңдауым -балаларға көмек көрсету!» ұранымен акциясын өткізуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың барлық мектеп жасындағы балалардың мектепке толықтай баруын қамтуы жайлы тапсырмасын орындау Білім және Ғылым министрлігінің ұсынысына орай № 178 лицейінде де жылдағы дәстүр бойынша «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс -шаралар жоспары жоспарланып , осыған орай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Акция аясында мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту шаралары өткізілді. Акция барысында 2 қамқорлықтағы балаға және көп балалы аз қамтылған отбасынан 19 балаға көмек көрсетілді. Акция аясында «Жұректен жұрекке» атты қайрымдылық концерті өткізілді. Оқушыларға бұл акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы ұрпағымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтып, мейірімділік, қайырымдылық сияқты сезімдерін оятары хақ. Мемлекетіміздің болашағы – ұрпағымыздың салауатты, саналы болуы үшін жақсылық жасаудан, игілікті істер атқарудан бас тартпайық. «Балам дейтін елі болса, елім дейтін бала болар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан айының 29 күні қамқоршы күніне орай концерттік қойылым және қамқоршы азаматтарға мақтау қағазымен марапатталып сыйлықтар берілді.

 

Қараша айында қамқорлыққа алынған, азқамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 43 оқушыға жалпыға міндетті оқу қорынан балдарға қыстық куртка және мектеп формасымен қамтамасыз етілді.

 

«№178 лицей» КММ әкімшілігі «Балдәурен -Бурабай» республикалық оқу сауықтыру орталығына «Химия-ел ырысы, ғасыр үні» химия, биология пәнінен ғылыми жоба жеңімпаздары, оқу озаттары, олимпиада жетістіктерін ескере отырып, 6 «Г» сынып оқушысы Санатұлы Олжас және 8«А» сынып оқушысы Асхатұлы Арим 2018 жылдың 15.11.2018-04.12.2018 аралығында оқу сауықтыру орталығына жіберілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепте оқушылардың әр түрлі вирустық ауруға жол бермеу шараларын жүзеге асыру мақсатында әр түрлі тақырыпта баяндама, лекциялар оқытылды. Мектепте оқушылардың әр түрлі вирустық ауруға жол бермеу шараларын жүзеге асыру мақсатында әр түрлі тақырыпта баяндама, лекциялар оқытылды. Атап айтқанда, мектеп дәрігері «Тазалық – денсаулық кепілі», «Нашақорлықтың алдын алу» атты тықырыбында оқулар

 

Телімдік психиатр-наркологпен кездесу өтті.

Бүкіл дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған айлық барысында 178 лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен оқушылардың арасында «Нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбына дәріс оқылды. Есірткі заттары,темекі мен насыбайдың зияны туралы бейнефильмдер көрсетілді. Дәріс өткізген телімдік психиатр-нарколог Кенесбекова Сания Кенесбековна.

 

16 қараша – Халықаралық темекіден бас тарту күніне арналған «Темекі денсаулық дұшпаны» атты ашық сабақ өткізілді.

Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру.

Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді.

Қазіргі кезде лицейімізде көп балалы және аз қамтылған,қамқорлыққа алынған отбасылардан құжат бойынша 43 оқушы білім алуда.

Олардың ата-анасынан айырылған, қамқорлықтағы балалар – 4 оқушы,

аз қамтылған балалар-6, көпбалалы отбасы балалары- 33.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысы 79 тармағына сәйкес мектептегі оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан оқулықтармен 100 % қамтамасыз етілді.

 

2018 жылы желтоқсан айында қала әкімі ұйымдастырған Жаңа жыл шыршасына аз қамтылған, копбалалы отбасынан шыққан 6 бала қатысып сыйлықтарға ие болып, жақсы көңіл күймен оралды.

2018 жылы Алатау аудандық әкімі ұйымдастырған Жаңа жыл шыршасына көпбалалы отбасынан шыққан 7 оқушы қатысып сыйлықтарын алды.

 

Әлеуметтік педагог: Шойынбаева Ш.Ә